Права и обязанности пациентов

Обязанности пациентов | Пациенттердің міндеттері

Обязанности пациентов 1. Помимо обязанностей, указанных в статье 90 настоящего Кодекса, пациент обязан: 1) принимать меры к сохранению и укреплению своего здоровья; 2) проявлять в общении с медицинскими работниками уважение и такт; 3) сообщать врачу всю информацию, необходимую для постановки диагноза и лечения заболевания, после дачи согласия на медицинское вмешательство неукоснительно выполнять все предписания лечащего врача; 4) соблюдать правила внутреннего распорядка и бережно относиться к имуществу медицинской организации, сотрудничать с медицинским персоналом при получении медицинской помощи; 5) своевременно информировать медицинских работников об изменении состояния своего здоровья в процессе диагностики и лечения, а также в случаях возникновения заболеваний, представляющих опасность для окружающих, либо подозрения на них; 6) не совершать действий, нарушающих права других пациентов; 7) выполнять иные обязанности, предусмотренные законами Республики Казахстан. Пациенттердің міндеттері 1. Осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа, пациент: 1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға; 2) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында құрмет пен әдептілік танытуға; 3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық тағайындауларын мүлтіксіз орындауға; 4) ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, медициналық ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға және медициналық көмек алу барысында медицина қызметкерлерімен ынтымақтасуға; 5) диагностика және емдеу барысында денсаулық жағдайындағы өзгерістер туралы, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар пайда болған немесе оларға күдік туған жағдайда медицина қызметкерлеріне уақтылы хабарлауға; 6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Обязанности пациентов | Пациенттердің міндеттері Читать дальше »

Граждане обязаны | Азаматтар міндетті

Граждане обязаны: 1) заботиться о сохранении своего здоровья; 1-1) уплачивать взносы на обязательное социальное медицинское страхование в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об обязательном социальном медицинском страховании»; 2) соблюдать режим, действующий в организациях здравоохранения; 3) проходить профилактические медицинские осмотры в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области здравоохранения; 4) выполнять относящиеся к индивидуальному и общественному здоровью предписания медицинских работников, органов и организаций здравоохранения; 5) соблюдать меры предосторожности по охране собственного здоровья и здоровья окружающих, проходить обследование и лечение по требованию медицинских организаций, информировать медицинский персонал о своем заболевании при инфекционных заболеваниях и заболеваниях, представляющих опасность для окружающих. В случае уклонения от обследования и лечения граждане, больные заболеваниями, представляющими опасность для окружающих, подвергаются освидетельствованию и лечению в принудительном порядке в соответствии с настоящим Кодексом и иными законами Республики Казахстан. Основания и порядок направления граждан, страдающих заболеваниями, представляющими опасность для окружающих, на принудительное лечение регулируются настоящим Кодексом; 6) соблюдать законодательство Республики Казахстан в области здравоохранения. 2. Беременные женщины в срок до двенадцати недель беременности обязаны встать на медицинский учет. 3. Иностранцы и лица без гражданства, находящиеся на территории Республики Казахстан, несут те же обязанности в области здравоохранения, что и граждане Республики Казахстан. Азаматтар міндетті:: 1)өз денсаулығын сақтауға қамқорлық жасауға; 1-1) Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге; 2)денсаулық сақтау ұйымдарында белгіленген тәртіпті сақтауға; 3)Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуге; 4)жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының нұсқамаларын орындауға; 5)өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғау жөніндегі сақтық шараларын сақтауға, денсаулық сақтау ұйымдарының талабы бойынша тексеруден және 6)емделуден өтуге, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық персоналға өзінің ауруы туралы хабарлауға міндетті. 7)Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар тексеруден және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырудан және мәжбүрлеп емдеуден өткізіледі. Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі; 8)Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті. 2.Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейін медициналық есепке тұруға міндетті. 3.Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттер атқарады.

Граждане обязаны | Азаматтар міндетті Читать дальше »

Права пациента | Пациенттердің құқықтары

Права пациентов 1. Помимо прав, указанных в статье 88 настоящего Кодекса, пациент обладает следующими правами на: 1) достойное обращение в процессе диагностики, лечения и ухода, уважительное отношение к своим культурным и личностным ценностям; 2) медицинскую помощь в очередности, определяемой исключительно на основе медицинских критериев, без влияния каких-либо дискриминационных факторов; 3) выбор, замену врача или медицинской организации, в том числе иностранного врача, осуществляющего деятельность в организациях здравоохранения Республики Казахстан, предоставляющих медицинскую помощь в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи; 3-1) оповещение о том, что в медицинской организации ведутся аудио- и (или) видеонаблюдение и запись; 4) поддержку со стороны семьи, родственников и друзей, а также служителей религиозных объединений; 5) облегчение страданий в той мере, в какой это позволяет существующий уровень медицинских технологий; 6) получение независимого мнения о состоянии своего здоровья и проведение консилиума; 7) иные права, предусмотренные законами Республики Казахстан. 2. Пациент имеет право на получение информации о своих правах и обязанностях, оказываемых услугах, стоимости платных услуг, а также о порядке их предоставления. Информация о правах пациента должна быть размещена в местах наглядной агитации медицинских организаций. При поступлении в медицинскую организацию пациенту должны быть представлены сведения об именах и о профессиональном статусе тех, кто будет оказывать ему медицинские услуги, а также о правилах внутреннего распорядка медицинской организации. 3. Медицинская помощь должна предоставляться после получения информированного устного или письменного добровольного согласия пациента. Письменное добровольное согласие пациента при инвазивных вмешательствах составляется по форме, утвержденной уполномоченным органом. 4. При получении медицинской помощи пациент имеет право на исчерпывающую информацию о состоянии своего здоровья, включая данные о возможном риске и преимуществах предлагаемых и альтернативных методов лечения, сведения о возможных последствиях отказа от лечения, информацию о диагнозе, прогнозе и плане лечебных мероприятий в доступной для пациента форме, а также разъяснение причин выписки его домой или перевода в другую медицинскую организацию. 5. Пациент может назначить лицо, которому следует сообщить информацию о состоянии его здоровья. Отказ пациента от получения информации оформляется письменно и включается в медицинскую документацию. 6. Информация может быть скрыта от пациента лишь в тех случаях, если есть веские основания полагать, что предоставление медицинской информации не только не принесет пользы, но причинит пациенту серьезный вред. В этом случае данная информация сообщается супругу (супруге) пациента, его близким родственникам или законным представителям. 7. Пациенты, получающие медицинскую помощь в условиях клинических баз организаций образования в области здравоохранения, имеют право отказаться от участия в учебном процессе, а также от присутствия третьих лиц при проведении лечебно-диагностических процедур. 8. Защита прав пациентов осуществляется органами, организациями здравоохранения, а также общественными объединениями в пределах их компетенции. См.: Информационное письмо Карагандинского областного суда от 28 мая 2014 года № 4 «О некоторых вопросах применения ст. 56 ГПК, связанных с обращением в суд общественных объединений по защите прав потребителей в защиту прав других лиц» 9. При получении медицинской помощи пациент имеет право на исчерпывающую информацию о назначаемом лекарственном средстве. 10. Граждане, вступающие в брак, имеют право на медицинское и медико-генетическое обследование.   Пациенттердің құқықтары 1. Осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа, пациенттің мынадай құқықтары бар: 1)диагностика, емдеу және күтім жасау барысында өзінің қадір-қасиетінің сақталуына, сондай-ақ өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қаралуына; 2)медициналық көмекті кезектілік тәртібімен алуға, бұл ретте кезектілік тек медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалуға және қандай да бір кемсітушілік факторлардың ықпалына ұшырамауға; 3)дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын және медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсететін шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға; 3-1) медициналық ұйымда аудио және (немесе) бейнебақылау жүргізілетіні және жазба жасалатыны туралы хабардар болуға; 4)отбасы, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің қолдауын алуға; 5)медициналық технологиялардың қолданыстағы деңгейі мүмкіндік беретін дәрежеде азап-зардаптарын жеңілдетуге; 6)өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуді талап етуге; 7)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға. 2. Пациент өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін медициналық қызметтер, ақылы қызметтердің құны, сондай-ақ оларды көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға құқылы. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі ақпарат орналастырылатын орындарында орналастырылуға тиіс. Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке оған медициналық қызмет көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіби мәртебесі, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртіп қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс. 3. Медициналық көмек пациенттің ақпараттандырылған ауызша немесе жазбаша ерікті келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің жазбаша ерікті келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді. 4. Медициналық көмек алу кезінде пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алуға құқылы. Бұл ақпарат мыналарды қамтиды: ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелдері мен артықшылықтары туралы мәліметтерді, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпаратты, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары туралы ақпаратты, сондай-ақ пациентке түсінікті нысанда үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептерін түсіндіруді. 5. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс адамды тағайындауға құқылы. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша түрде ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі. 6. Ақпарат пациенттен тек медициналық ақпаратты беру оған пайда әкеліп қана қоймай, пациентке елеулі зиян келтіреді деп пайымдауға негіз болған жағдайларда ғана жасырылуы мүмкін. Бұл жағдайда аталған ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады. 7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында медициналық көмек алатын пациенттер оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдеу-диагностикалық рәсімдерді жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқылы. 8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды өз құзыреті шегінде органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады. Қараңыз: тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қарағанды облыстық сотының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 4 «Азаматтық процестік кодекстің 56-бабын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ақпараттық хаты. 9. Медициналық көмек алу кезінде пациент тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқылы. 10. Некеге тұратын азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық тексеруден өтуге құқығы бар.

Права пациента | Пациенттердің құқықтары Читать дальше »

Граждане Республики Казахстан имеют право | Қазақстан Республикасының азаматтары мыналарға құқылы

1. Граждане Республики Казахстан имеют право на: 1) получение гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в соответствии с перечнем, утверждаемым Правительством Республики Казахстан; 2) обеспечение лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе отдельных категорий граждан с определенными заболеваниями (состояниями) бесплатными или льготными лекарственными средствами и специализированными лечебными продуктами на амбулаторном уровне в соответствии с перечнем, утверждаемым уполномоченным органом; 3) свободный выбор медицинской организации, качественную и своевременную медицинскую помощь; 4) дополнительные медицинские услуги сверх гарантированного объема бесплатной медицинской помощи за счет собственных средств, средств самих организаций, системы добровольного медицинского страхования и иных незапрещенных источников; 5) получение медицинской помощи за рубежом за счет бюджетных средств при наличии показаний в порядке, определяемом уполномоченным органом; 6) возмещение вреда, причиненного здоровью неправильным назначением и применением медицинскими работниками лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники; 7) удостоверение факта временной нетрудоспособности с выдачей листа временной нетрудоспособности или справки о временной нетрудоспособности; 8) безвозмездное получение от государственных органов, организаций и лечащего врача в пределах их компетенции достоверной информации о методах профилактики, диагностики, лечения заболевания и медицинской реабилитации, клинических исследованиях, факторах, влияющих на здоровье, включая состояние окружающей среды, условия труда, быта и отдыха, здоровом питании и безопасности пищевых продуктов, в том числе заключения санитарно-эпидемиологической экспертизы; 9) получение от государственных органов, независимых экспертных организаций и субъектов в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники информации о безопасности, эффективности и качестве реализуемых лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники; 10) обжалование действий (бездействия) медицинских и фармацевтических работников в организацию здравоохранения, вышестоящий орган и (или) в судебном порядке; 11) ходатайство о привлечении независимых экспертов в случае несогласия с выводами государственной медицинской экспертизы; 12) добровольное волеизъявление о возможности изъятия у них после смерти тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) в целях трансплантации. Қазақстан Республикасының азаматтары мыналарға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға; 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдердің тегін немесе жеңілдікті шарттармен берілуіне; 3) медициналық ұйымды еркін таңдауға, сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға; 4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерді өз қаражаты, ұйымдардың қаражаты, ерікті медициналық сақтандыру жүйесі және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен алуға; 5) көрсетілімдер болған жағдайда уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға; 6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауы және қолданбауы салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге; 7) уақытша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыруға және уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама алуға; 8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу әдістері және медициналық оңалту, клиникалық зерттеулер, денсаулыққа әсер ететін факторлар, оның ішінде қоршаған ортаның жай-күйі, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайлары, дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысы туралы анық және толық ақпаратты тегін алуға; 9) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы туралы ақпарат алуға; 10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға; 11) мемлекеттік медициналық сараптаманың қорытындыларымен келіспеген жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш жасауға; 12) қайтыс болғаннан кейін трансплантациялау мақсатында өздерінен тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға қатысты ерікті түрде келісім білдіруге.

Граждане Республики Казахстан имеют право | Қазақстан Республикасының азаматтары мыналарға құқылы Читать дальше »

Прокрутить вверх