Обязанности пациентов
1. Помимо обязанностей, указанных в статье 90 настоящего Кодекса, пациент обязан:
1) принимать меры к сохранению и укреплению своего здоровья;
2) проявлять в общении с медицинскими работниками уважение и такт;
3) сообщать врачу всю информацию, необходимую для постановки диагноза и лечения заболевания, после дачи согласия на медицинское вмешательство неукоснительно выполнять все предписания лечащего врача;
4) соблюдать правила внутреннего распорядка и бережно относиться к имуществу медицинской организации, сотрудничать с медицинским персоналом при получении медицинской помощи;
5) своевременно информировать медицинских работников об изменении состояния своего здоровья в процессе диагностики и лечения, а также в случаях возникновения заболеваний, представляющих опасность для окружающих, либо подозрения на них;
6) не совершать действий, нарушающих права других пациентов;
7) выполнять иные обязанности, предусмотренные законами Республики Казахстан.
Пациенттердің міндеттері
1. Осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа, пациент:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға;
2) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында құрмет пен әдептілік танытуға;
3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық тағайындауларын мүлтіксіз орындауға;
4) ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, медициналық ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға және медициналық көмек алу барысында медицина қызметкерлерімен ынтымақтасуға;
5) диагностика және емдеу барысында денсаулық жағдайындағы өзгерістер туралы, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар пайда болған немесе оларға күдік туған жағдайда медицина қызметкерлеріне уақтылы хабарлауға;
6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.