2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 15.30-да №1 көпбейінді қалалық ауруханада Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің бастауы» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу, қазақ тілін құрметтеуге үндеу және ұжым арасындағы татулық пен өзара сыйластықты нығайту.
Шара барысында аурухана ұжымындағы тіл саясатын дамыту бағытындағы жұмыстар бейнеролик арқылы таныстырылды. Бүгінгі күні Кәсіпорында қазақ ұлты қызметкерлерімен қатар 171 өзге ұлт өкілдері қызмет атқарады.
Ауруханада қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалған. Қазақ тілі кабинеті жұмыс істейді, іс жүргізу барысында мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар әр жұма күні қазақы нақыштағы киім кию дәстүрі қалыптасып, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттауға көңіл бөлінеді.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер тілге деген құрметін өлең жолдары арқылы жеткізіп, қазақ ақындарының шығармаларынан үзінділер оқыды:
- Леонид Владимирович Тян – бөлімше меңгерушісі – Қадыр Мырза Әлидің «Ана тілің – арың бұл» өлеңінен үзінді;
- Максим Николаевич Сорокин – бөлімше меңгерушісі – Оразақын Асқардың «Үйрен ана тіліңді» өлеңінен үзінді;
- Наталия Валериановна Голубкова – бөлімше мейіргері – Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқыды.
Тағылымды шара мемлекеттік тілге деген құрметті арттырып, ұжым мүшелерін тіл арқылы бірлік пен татулықты нығайтуға шақырды.
Тіл – ұлттың рухани тірегі, ал тілге құрмет – елге құрмет!
