Соғымды қалай таңдау керек? Инсультті қалай тез анықтауға болады? | Оян
Соғымды қалай таңдау керек? Инсультті қалай тез анықтауға болады? | Оян Читать дальше »
№1 Көпбейінді қалалық ауруханада Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аясында ашық есік күні өтті. Бір күннің ішінде шамамен 100-ге жуық адам қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтап, қан қысымын өлшетіп, сондай-ақ аурудың белгілері туралы ақпаратпен танысты. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы әлем бойынша шамамен 15 миллион адам инсульт алған. Қазақстанда да жағдай мәз емес. Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық инсульт тіркеледі. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 45 мыңға дейін өсті. Дәрігерлер олардың шамамен 13 пайызы ауруханада көз жұмса, 6 пайызы шыққаннан кейін 1 айдың ішінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Инсульттан аман қалғандардың 70-80 пайызы мүгедек болып қалады екен. Ал олардың шамамен 20-30 пайызы тұрақты сырттай күтімді қажет етеді. «Жалпы алғанда, инсульт – жіті жүрек ауруынан кейінгі өлімге әкелетін дерттің негізгі себебі. Әйелдерге қарағанда ерлерде өлім деңгейі жоғары. Іс-шараны Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесінің қолдауымен өткізеді. Барша астаналықты Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасының базасында тексеруден өтуге шақырамыз. Инсульт қаупін азайту үшін халық қауіп факторларын, сондай-ақ алдын алу әдістерін білгені және түсінгені маңызды» дейді аурухананың инсульт бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қайсарбекова. Қарапайым тілмен айтсақ, инсульт миға қан келу тоқтаған кезде болады. Салдары өлімге немесе мүгедектікке әкеледі. Бұған дейін инсульт 55 жастан асқан науқастарда кездессе, бүгінде 50 жасқа дейінгі адамдар да бұл аурумен бетпе-бет келеді. Инсульттің алғашқы белгілерін кез келген адам біліп жүру керек. Өйткені медицинада инсульттің белгілері басталғаннан кейінгі алғашқы 4,5 сағат алғашқы көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. «Жыл сайын 29 қазанда әлемнің 85 елінде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді. Оның мақсаты – жұртшылықты осы ауруға қарсы күресте жедел әрекет етуге шақыру, келушілердің қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін, қан қысымын өлшеу, сондай-ақ аурудың белгілері мен инсульт қаупі туралы кеңес беру. Біз адамдарға ең алдымен инсульт деген не екенін түсіндіруіміз керек. Ол – ми қан айналымының жедел бұзылуы. Салдарынан мидың әртүрлі бөлігінің жұмысы бұзылады. Аурудың алдын алу үшін әр адам өз денсаулығына жауапты болғаны абзал» дейді аурухананың дәрігер-неврологы Жанат Юсупова. Дәрігерлердің пікірінше, инсультпен ауыратындар жиі профилактикалық шараларды сақтамайды екен. Оның үстіне емхана мен скринингтен уақытылы өтуге салғырт қарайды. Аталмыш аурудың алдын алу үшін қарапайым ғана ережелерді сақтаған абзал. Ең алдымен темекі шегуге болмайды. Өйткені темекі шегу атеросклероздың дамуын, жүрек пен ми тамырларында қан ұйығыштардың пайда болуын тездетеді. Шылым шегетін адамдарда инсульт қаупі темекі тартпайтындарға қарағанда 6 есе жоғары болады екен. Ал алкогольді ішімдікте болатын этанол қан қысымын арттырады. Сонымен қатар тұзды тұтыну мөлшерін күніне 1 шай қасықтан асырмаған жөн. Нәтижесінде инсульт қаупі 23 пайызға, жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлім-жітім 16 пайызға төмендейді екен. Көкөніс пен жемісті күнделікті тұтыну да инсульттің алдын алады. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы әлем бойынша шамамен 15 миллион адам инсульт алған. Қазақстанда да жағдай мәз емес. Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық инсульт тіркеледі. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 45 мыңға дейін өсті. Дәрігерлер олардың шамамен 13 пайызы ауруханада көз жұмса, 6 пайызы шыққаннан кейін 1 айдың ішінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Инсульттан аман қалғандардың 70-80 пайызы мүгедек болып қалады екен. Ал олардың шамамен 20-30 пайызы тұрақты сырттай күтімді қажет етеді. «Жалпы алғанда, инсульт – жіті жүрек ауруынан кейінгі өлімге әкелетін дерттің негізгі себебі. Әйелдерге қарағанда ерлерде өлім деңгейі жоғары. Іс-шараны Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесінің қолдауымен өткізеді. Барша астаналықты Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасының базасында тексеруден өтуге шақырамыз. Инсульт қаупін азайту үшін халық қауіп факторларын, сондай-ақ алдын алу әдістерін білгені және түсінгені маңызды» дейді аурухананың инсульт бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қайсарбекова. Қарапайым тілмен айтсақ, инсульт миға қан келу тоқтаған кезде болады. Салдары өлімге немесе мүгедектікке әкеледі. Бұған дейін инсульт 55 жастан асқан науқастарда кездессе, бүгінде 50 жасқа дейінгі адамдар да бұл аурумен бетпе-бет келеді. Инсульттің алғашқы белгілерін кез келген адам біліп жүру керек. Өйткені медицинада инсульттің белгілері басталғаннан кейінгі алғашқы 4,5 сағат алғашқы көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. «Жыл сайын 29 қазанда әлемнің 85 елінде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді. Оның мақсаты – жұртшылықты осы ауруға қарсы күресте жедел әрекет етуге шақыру, келушілердің қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін, қан қысымын өлшеу, сондай-ақ аурудың белгілері мен инсульт қаупі туралы кеңес беру. Біз адамдарға ең алдымен инсульт деген не екенін түсіндіруіміз керек. Ол – ми қан айналымының жедел бұзылуы. Салдарынан мидың әртүрлі бөлігінің жұмысы бұзылады. Аурудың алдын алу үшін әр адам өз денсаулығына жауапты болғаны абзал» дейді аурухананың дәрігер-неврологы Жанат Юсупова. Дәрігерлердің пікірінше, инсультпен ауыратындар жиі профилактикалық шараларды сақтамайды екен. Оның үстіне емхана мен скринингтен уақытылы өтуге салғырт қарайды. Аталмыш аурудың алдын алу үшін қарапайым ғана ережелерді сақтаған абзал. Ең алдымен темекі шегуге болмайды. Өйткені темекі шегу атеросклероздың дамуын, жүрек пен ми тамырларында қан ұйығыштардың пайда болуын тездетеді. Шылым шегетін адамдарда инсульт қаупі темекі тартпайтындарға қарағанда 6 есе жоғары болады екен. Ал алкогольді ішімдікте болатын этанол қан қысымын арттырады. Сонымен қатар тұзды тұтыну мөлшерін күніне 1 шай қасықтан асырмаған жөн. Нәтижесінде инсульт қаупі 23 пайызға, жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлім-жітім 16 пайызға төмендейді екен. Көкөніс пен жемісті күнделікті тұтыну да инсульттің алдын алады.
Инсульттің алдын алайық! Читать дальше »
45 тысяч казахстанцев в прошлом году перенесли инсульт. Из них около 13% умерли в стационаре, а 6% — в течение 1 месяца после выписки. Такая неутешительная статистика стала поводом организовать день открытых дверей. Сегодня в столичной многопрофильной больнице №1 любой желающий мог сдать анализы, пройти осмотр и получить консультацию от врачей. По словам медиков, больше половины перенесших инсульт людей становятся инвалидами, и практически все они нуждаются в посторонней помощи.
День борьбы с инсультом отмечается в мире Читать дальше »
29 октября – Всемирный день борьбы с инсультом, сообщает «24KZ». Дату эту утвердили в 2006 году, после того как ВОЗ объявила заболевание глобальной эпидемией. Число больных растет каждый год. В Казахстане, к примеру, количество перенёсших серьезный недуг в прошлом году достигло 45 тысяч человек.
Ежегодно более 40 тысяч казахстанцев переносят инсульт Читать дальше »
Әлемде жыл сайын 33 миллионнан астам адам инсультпен ауырады, соның 5 миллионы осы сырқаттан көз жұмады. Өкінішке орай, Қазақстандағы статистика да көңіл көншітпейді. Бізде жылына 40 мыңнан астам адамға инсульт деген диагноз қойылады.
Инсульт – мидағы қан айналымының бұзулуы Читать дальше »
Диагноз пациента – внутримозговая опухоль. По словам врачей, новообразование может расти и давить на окружающие ткани, повреждая мозг, а периферический отек увеличивает внутричерепное давление, приводя к еще более серьезным последствиям для организма. «Мы провели предоперационную и противоотечную подготовку. После сделали успешное хирургическое вмешательство – микрохирургическое удаление опухоли с применением нейронавигации, ультразвука и микроскопа Pantera», – рассказывают лечащие врачи – заведующий отделением нейрохирургии Канат Ахметов и нейрохирург-ординатор Еркин Дуйсенбаев. После операции пациент был переведен в профильное отделение нейрохирургии. На КТ-контроле отметилась положительная динамика, внутримозговая опухоль удалена полностью. «Согласно тарификатору, операционное вмешательство обошлось бы пациенту в более 1 400 000 тенге. Операция прошла в рамках обязательного медицинского страхования (ОСМС)», – отметили в филиале города Астана НАО «Фонд социального медицинского страхования».
Столичные врачи успешно провели операцию по удалению опухоли мозга Читать дальше »