Дүниежүзілік семіздікпен күрес күніне (4 наурыз) орайластырылған ұлттық бағдарлама тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының» ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі 2022 жылғы 24 қарашадағы №945 тұжырымдамасын іске асыру аясында республика өңірлерінде Дүниежүзілік семіздікпен күрес күніне (4 наурыз) орайластырылған іс-шара өткізілді. Өзектілігі Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні жыл сайын 4 наурызда Дүниежүзілік семіздікпен күрес федерациясының (WOF) бастамасымен атап өтіледі және семіздіктің алдын алу мен оны емдеу бағытындағы хабардарлықты арттыру және нақты әрекеттерді жандандыру мақсатында бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіреді. Биылғы науқан артық салмақ пен семіздікке шалдыққан адамдарды, сондай-ақ жалпы халықты қамти отырып, әсіресе халықтың ең осал топтарына — балаларға ерекше назар аударады. WOF болжамына сәйкес 2035 жылға қарай төрт миллиард адам, яғни жер шары халқының жартысы артық салмақ пен семіздіктен зардап шегетін болады.[1] Бұл науқанның мақсаты — семіздікті қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі ретінде тану туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ семіздіктің алдын алу мен оны емдеу жөніндегі іс-қимылдарды жандандыру. Семіздік — адам денсаулығына кері әсер ететін, май тінінің шамадан тыс жиналуымен сипатталатын көпфакторлы созылмалы ауру. Семіздік артық салмақпен байланысты 200-ден астам аурудың негізгі қауіп факторларының бірі болып табылады. Бұл жағдай 2-типті қант диабеті мен жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін едәуір арттырады, тірек-қимыл аппараты мен репродуктивтік жүйе қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін, сондай-ақ онкологиялық аурулардың жекелеген түрлерінің пайда болу ықтималдығын арттырады. Бұдан бөлек, семіздік психикалық денсаулыққа, қозғалу қабілетіне, ұйқы сапасына және жалпы хал-ахуалға әсер ете отырып, өмір сапасын төмендетеді.[2] Артық дене салмағы мен семіздікті анықтау дене салмағы мен бойды өлшеуге, одан кейін дене салмағы индексін (ДСИ) мына формула бойынша есептеуге негізделеді: дене салмағы (кг) / бой² (м). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жіктемесіне сәйкес ересектер үшін: Сонымен қатар, ДСИ жанама көрсеткіш болып табылатынын ескеру қажет, сондықтан тамақтану жағдайын неғұрлым дәл бағалау үшін бел шеңберін өлшеуді қоса алғанда, қосымша антропометриялық көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Балалардағы семіздікті анықтау антропометриялық өлшемдерге (дене салмағы мен бойы) негізделеді, кейіннен дене салмағы индексі (15–18 жастағы балалар үшін) немесе «дене салмағы/бой» көрсеткіштері (5 жасқа дейінгі балалар үшін) есептеледі. Бағалау баланың жасын және жынысын ескере отырып жүргізіледі, өйткені өсу қарқыны мен физикалық даму деңгейі балдырған және жасөспірімдік кезеңдердің әртүрлі сатыларында едәуір ерекшеленеді. Балалардағы артық дене салмағы мен семіздікті диагностикалау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының физикалық даму стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте баланың салмағы оның жасына мен бойына сай келе ме, әлде нормадан асып кете ме дегенді көрсететін кестелер мен стандартты өсу қисықтары қолданылады.2 Семіздік тиісті медициналық тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, білікті медициналық қызметкер тарапынан диагноз қойылуы тиіс. Семіздікті қант диабеті немесе артериялық гипертензия сияқты басқа да созылмалы аурулармен қатар тұрақты бақылауда ұстау қажет.[3],[4],[5],[6] Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында алғаш рет өмірінде «семіздік» диагнозы қойылған жалпы халық арасындағы аурушаңдық 2025 жылдың 6 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 48,2-ні немесе 4 910 адамды құрады (2024 жылы — 45,3; 2023 жылы — 44,6; 2022 жылы — 43,5; 2021 жылы — 46,1). 18 жастан асқан ересек халық арасында алғаш рет өмірінде «семіздік» диагнозы қойылған аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2024 жылы — 42,6, 2023 жылы — 44,2, 2022 жылы — 43,5, 2021 жылы — 43,6 болды. Өңірлік бөліністе 2024 жылғы деректер бойынша Қазақстан Республикасындағы орташа деңгейден жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында — 134,5, Маңғыстау облысында — 106,0, Атырау облысында — 81,0, Шығыс Қазақстан облысында — 59,1, Қызылорда облысында — 49,8, Астана қаласында — 55,1, Алматы қаласында — 46,6 (100 мың тұрғынға шаққанда) тіркелді.4 Балалар арасында (0–17 жас) алғаш рет өмірінде «семіздік» диагнозы қойылған аурушаңдық 2025 жылдың 6 айында республика бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 25,1-ді құрады, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 50,4 болған. 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша алғаш рет өмірінде «семіздік» диагнозы қойылған 0–17 жас аралығындағы балалар арасында аурушаңдық деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары өңірлер мыналар болып табылады: Астана қаласы — 25,9; Солтүстік Қазақстан облысы — 29,6; Атырау облысы — 32,0; Алматы қаласы — 36,1; Маңғыстау облысы — 45,7; Қостанай облысы — 53,2; Шымкент қаласы — 58,4. Шығыс Қазақстан облысында көрсеткіш республикалық орташа деңгейден 3,4 есе жоғары болып, 100 мың тиісті тұрғынға шаққанда 134,1-ді құрады.3 0–14 жас аралығындағы балалар арасында семіздік бойынша аурушаңдық деңгейі 100 мың тиісті тұрғынға шаққанда 2024 жылы — 42,6, 2023 жылы — 40,5, 2022 жылы — 38,3, 2021 жылы — 44,0 болды.3-6 Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында семіздікке шалдығу деңгейі жоғары болып отыр: 100 мың тиісті тұрғынға шаққанда 2024 жылы — 95,5, 2023 жылы — 76,1, 2022 жылы — 79,1, 2021 жылы — 101,2. 3-6 COSI зерттеуінің 2020 жылғы нәтижелеріне сәйкес (бой мен салмақ өлшемдері жүргізілген), Қазақстандағы 6–9 жас аралығындағы балалардың 20,6%-ында артық дене салмағы бар, олардың ішінде 6,6%-ы семіздікке шалдыққан.[7] 2024 жылғы STEPS зерттеуінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда ересек халықтың 58,6%-ында артық дене салмағы бар, оның ішінде 22,4%-ы семіздікке шалдыққан. Жаһандық үрдістер балалар арасындағы семіздіктің өсіп келе жатқанын көрсетеді: Қазақстан бойынша деректерді де қамтитын NCD-RisC халықаралық ауқымды талдауының (Lancet, 2024) нәтижелері және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жинақталған мәліметтері соңғы онжылдықтарда артық салмақ пен семіздікке шалдыққан балалар мен жасөспірімдер санының тұрақты түрде артып келе жатқанын айғақтайды. Бұл құбылыс жергілікті сипатқа ие емес — ол көптеген елдерде, оның ішінде табыс деңгейі төмен және орташа елдерде де, жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан байқалуда. [8],[9] Қазақстандағы балалар мен ересектер арасындағы семіздік бойынша деректер аз қимылдайтын өмір салтымен, тамақтану әдеттерінің өзгеруімен, жасөспірімдер арасында жоғары калориялы өнімдерді тұтынудың артуымен және дене белсенділігінің төмендеуімен байланысты қолайсыз үрдістердің қалыптасып отырғанын көрсетеді. Семіздік көрсеткіштерінің өсу себептері кешенді сипатқа ие. Халықтың тамақтану әдеттеріндегі өзгерістер Қант қосылған сусындар мен жартылай фабрикаттардың, сондай-ақ ультраөңделген өнімдердің тұтыну көлемі артқан. Мұндай өнімдер, әдетте, жоғары калориялы болып, құрамында қаныққан майлар мен артық қант көп, ал пайдалы қоректік заттар аз болады. Сонымен қатар тамақтанудың тұрақсыздығы, порциялардың шамадан тыс үлкен болуы және таңғы астың болмауы да маңызды рөл атқарады. Зерттеулер деректеріне сәйкес, қазақстандық балалардың едәуір бөлігі күн сайын таңғы ас ішпейді, сондай-ақ жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз мөлшерде тұтынады. Қазақстанда жүргізілген «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеуінің 2022 жылғы нәтижелеріне сәйкес, 11–15 жас аралығындағы оқушылардың 61%-ы күн сайын таңғы ас ішеді, бұл пайдалы әдет ұлдар арасында (64%) қыздарға (58%) қарағанда жиірек кездеседі. Жасөспірімдердің тек 27%-ы күнделікті жеміс-жидек тұтынады, ал көкөністерді күн сайын тұтынатындар үлесі 36%-ды құрайды. Сонымен қатар, орта және жоғары сынып оқушыларының шамамен 67%-ы тәтті сусындарды апта сайын ішеді, ал 14%-ы








