Права пациента | Пациенттердің құқықтары

Права пациентов
1. Помимо прав, указанных в статье 88 настоящего Кодекса, пациент обладает следующими правами на:
1) достойное обращение в процессе диагностики, лечения и ухода, уважительное отношение к своим культурным и личностным ценностям;
2) медицинскую помощь в очередности, определяемой исключительно на основе медицинских критериев, без влияния каких-либо дискриминационных факторов;
3) выбор, замену врача или медицинской организации, в том числе иностранного врача, осуществляющего деятельность в организациях здравоохранения Республики Казахстан, предоставляющих медицинскую помощь в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи;
3-1) оповещение о том, что в медицинской организации ведутся аудио- и (или) видеонаблюдение и запись;
4) поддержку со стороны семьи, родственников и друзей, а также служителей религиозных объединений;
5) облегчение страданий в той мере, в какой это позволяет существующий уровень медицинских технологий;
6) получение независимого мнения о состоянии своего здоровья и проведение консилиума;
7) иные права, предусмотренные законами Республики Казахстан.

2. Пациент имеет право на получение информации о своих правах и обязанностях, оказываемых услугах, стоимости платных услуг, а также о порядке их предоставления. Информация о правах пациента должна быть размещена в местах наглядной агитации медицинских организаций.
При поступлении в медицинскую организацию пациенту должны быть представлены сведения об именах и о профессиональном статусе тех, кто будет оказывать ему медицинские услуги, а также о правилах внутреннего распорядка медицинской организации.

3. Медицинская помощь должна предоставляться после получения информированного устного или письменного добровольного согласия пациента. Письменное добровольное согласие пациента при инвазивных вмешательствах составляется по форме, утвержденной уполномоченным органом.

4. При получении медицинской помощи пациент имеет право на исчерпывающую информацию о состоянии своего здоровья, включая данные о возможном риске и преимуществах предлагаемых и альтернативных методов лечения, сведения о возможных последствиях отказа от лечения, информацию о диагнозе, прогнозе и плане лечебных мероприятий в доступной для пациента форме, а также разъяснение причин выписки его домой или перевода в другую медицинскую организацию.

5. Пациент может назначить лицо, которому следует сообщить информацию о состоянии его здоровья. Отказ пациента от получения информации оформляется письменно и включается в медицинскую документацию.

6. Информация может быть скрыта от пациента лишь в тех случаях, если есть веские основания полагать, что предоставление медицинской информации не только не принесет пользы, но причинит пациенту серьезный вред. В этом случае данная информация сообщается супругу (супруге) пациента, его близким родственникам или законным представителям.

7. Пациенты, получающие медицинскую помощь в условиях клинических баз организаций образования в области здравоохранения, имеют право отказаться от участия в учебном процессе, а также от присутствия третьих лиц при проведении лечебно-диагностических процедур.

8. Защита прав пациентов осуществляется органами, организациями здравоохранения, а также общественными объединениями в пределах их компетенции. См.: Информационное письмо Карагандинского областного суда от 28 мая 2014 года № 4 «О некоторых вопросах применения ст. 56 ГПК, связанных с обращением в суд общественных объединений по защите прав потребителей в защиту прав других лиц»

9. При получении медицинской помощи пациент имеет право на исчерпывающую информацию о назначаемом лекарственном средстве.

10. Граждане, вступающие в брак, имеют право на медицинское и медико-генетическое обследование.

 

Пациенттердің құқықтары

1. Осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа, пациенттің мынадай құқықтары бар:

1)диагностика, емдеу және күтім жасау барысында өзінің қадір-қасиетінің сақталуына, сондай-ақ өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қаралуына;
2)медициналық көмекті кезектілік тәртібімен алуға, бұл ретте кезектілік тек медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалуға және қандай да бір кемсітушілік факторлардың ықпалына ұшырамауға;
3)дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын және медициналық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсететін шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға;

3-1) медициналық ұйымда аудио және (немесе) бейнебақылау жүргізілетіні және жазба жасалатыны туралы хабардар болуға;

4)отбасы, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің қолдауын алуға;
5)медициналық технологиялардың қолданыстағы деңгейі мүмкіндік беретін дәрежеде азап-зардаптарын жеңілдетуге;
6)өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуді талап етуге;
7)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға.

2. Пациент өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін медициналық қызметтер, ақылы қызметтердің құны, сондай-ақ оларды көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға құқылы. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі ақпарат орналастырылатын орындарында орналастырылуға тиіс. Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке оған медициналық қызмет көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіби мәртебесі, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртіп қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.

3. Медициналық көмек пациенттің ақпараттандырылған ауызша немесе жазбаша ерікті келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің жазбаша ерікті келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді.

4. Медициналық көмек алу кезінде пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алуға құқылы. Бұл ақпарат мыналарды қамтиды: ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелдері мен артықшылықтары туралы мәліметтерді, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпаратты, диагноз, болжам және емдеу іс-шараларының жоспары туралы ақпаратты, сондай-ақ пациентке түсінікті нысанда үйіне шығарудың немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырудың себептерін түсіндіруді.

5. Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпарат хабарлануы тиіс адамды тағайындауға құқылы. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша түрде ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.

6. Ақпарат пациенттен тек медициналық ақпаратты беру оған пайда әкеліп қана қоймай, пациентке елеулі зиян келтіреді деп пайымдауға негіз болған жағдайларда ғана жасырылуы мүмкін. Бұл жағдайда аталған ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.

7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында медициналық көмек алатын пациенттер оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдеу-диагностикалық рәсімдерді жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқылы.

8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды өз құзыреті шегінде органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.

Қараңыз: тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қарағанды облыстық сотының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 4 «Азаматтық процестік кодекстің 56-бабын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ақпараттық хаты.

9. Медициналық көмек алу кезінде пациент тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқылы.

10. Некеге тұратын азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық тексеруден өтуге құқығы бар.

Прокрутить вверх