Отзывы
Альтаева Арайлым Тайовна
Отделение неврологии бөлімінің дәрігері Бақжан Ырыспаевнаға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Өте қарапайым, кішіпейіл, әр науқасқа ерекше қамқорлықпен қарайтын жан. Осындай өз ісіне адал дәрігерлер қазір аз. Ешкімді бөліп-жармай, барлығына бірдей назар аударып, жанашырлық танытады. Тіпті демалыс күндері де науқастардың жағдайын білу үшін келіп, барлығын бақылап отыратыны – өз жұмысына деген зор жауапкершілігінің дәлелі. Сондай-ақ бөлімнің барлық дәрігерлері мен қызметкерлеріне көрсеткен кәсіби көмегі, ықыласы және жылы қарым-қатынасы үшін үлкен рақмет айтамын.
Палата бәрі өте таза ұқыпты ризашылығымды білдіремін.
КАРЫЛГАШОВ ЖАКСУТ МУРАТОВИЧ
Неврология кафедрасы Кафедра меңгерушісі Сыздықов Б.Р. және емдеуші дәрігер Акпер С.К. Аға медбике Абсейтарова Г.К. Сондай-ақ, бөлім медбикесі мен медицина қызметкерлері.Олардың жұмысы, мұқияттылығы және кәсібилігі үшін көп рахмет.
Кабышов Рашид Темирханович
Выражает свою благодарность отделения Сосудистая хирургия ,3 этажа. Хотелось по благодарить всех сотрудников этого отделения: заведующего , врачей резидентов , ст. медсестру , медсестра Оксана Васильевну , резидент Галымжан , санитар Димаш. От всего сердца благодарю за труд .
С/ ув и благодарность его дочь Балауса
Усманова Халида Калиевна
1 городская больница отделение хирургии хочу выразит благодарность больнице и всем врачам, операция прошла успешно, камень удалили. Особенности хочу выразить благодарность заведующему отделении Абдуалиев Сагынали Абдуалиевичу и всем медсестрам от палаты №316. Выражаю врачу хирургу высшего класса Нурбек Тахировичу, врач Раушан и медсестер Жадыре .
пациент Усманова Халида Калиевна
Мукажанова Рахима Мукажанқызы
Мен, Мукажанова Рахима Мукажановна, Астана қаласының тұрғынымын. 2025 жылдың 30 қазанында шамамен сағат 13:00-де Иманов–Рахимов көшелерінің қиылысында жол апатына түстім (жаяу жүргіншіні басып кету жағдайы). «Жедел жәрдем» 2–3 минутта келді. Бригададағы жас фельдшерлер қолыма, аяғыма шина қойып, бас жарақатымды таңып, алғашқы қажетті көмекті көрсетті де, Астана қаласы әкімдігінің «№1 Көпбейінді қалалық ауруханасына» жеткізді.
Қабылдау бөлімінде травматолог дәрігерлер, нейрохирург, медбикелер мен санитарлар бірден жұмыстарын бастады. Қан қысымымды, дене қызуымды, сатурациямды өлшеп, система қойып, ЭКГ жасады, қан талдауын алды. Травматологтар қолыма және аяғыма гипс салып, басымдағы қанды тоқтатып, жараны тікті.
Келесі процедура — бүкіл ағзаға зақым бар-жоғын анықтау үшін компьютерлік томография жасау және сынған жерлерді рентгенографияға түсіру болды. Қабылдау бөліміндегі тексерулер аяқталған соң, мені «Политравма бөлімшесіне» палатаға орналастырды.
Маған бекітілген хирург Сүлейменов Аян Базарбайұлы келіп, өзін таныстырып, диагнозды толық түсіндірді.
Диагнозды орыс тілінде беремін (мағынасын өзгертпей):
Множественная травма. Поверхностная травма головы. Ушиб мягких тканей волосистой части головы. Ушибленная рана правой теменно-затылочной области. Закрытый перелом средней трети лучевой кости, перелом дистального эпифиза локтевой кости первого предплечья со смещением костных отломков. Закрытый перелом наружной лодыжки левой голени без смещения.
Ендігі мәселе — қолыма ота жасату. Жас ерекшелігім, сүйектердің сынғыштығы мен нәзіктігіне байланысты, титан пластинасымен бекіту туралы консилиум өтіп, емдеуші хирургым, бөлімше меңгерушісі және травматолог-хирургтар палатаға келіп, бәрін түсіндірді. Мен өз шешімімді айтып, «ота жасау керек» деген келісімге қол қойдым.
Ота алдында қажетті барлық процедуралардан өттім: УЗДГ жасалды, анестезиолог түсіндірме берді. «Ота бөлмесіне» кіргенше айналама қарап, бір адамның отасына қанша бірреттік құралдар, антибиотиктер, дәрілер, тігіс материалдары және жараны өңдеуге арналған заттар кететінін көріп, ойланып қалдым. Осының бәріне мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттың үлкен екенін, ақысыз медициналық көмектің құны кей жағдайда миллион теңгеден асатынын ұқтым.
Көрсетілген қызмет туралы пікірім:
«Политравма бөлімшесі» — аурухананың ең ауыр бөлімшелерінің бірі. Мұнда дененің барлық бөліктері жарақаттанған (аяқ-қолы сынған, қабырғасы сынған, бас-ми жарақаты бар, омыртқа зақымы бар) науқастар жатады. Бөлімше ешқашан бос болмайды: біреуі жазылып шықса, екіншісі түседі. Пациенттердің мінезі де әртүрлі: бірі — сабырлы, бірі — мазасыз, бірден «емдеп тастауды» талап ететін, әр нәрсеге шағымдана беретіндер болады.
Менің екі апта ішінде көрген-түйгенім:
1. Бөлімше меңгерушісінен бастап барлық хирургтар, емге қатысы бар дәрігерлер, ота жасайтын мамандар, медбикелер, медбраттар, санитарлар — нағыз жанкешті жандар.
2. Таңғы процедуралар қан алу, несеп тапсыру, дене қызуын, қан қысымын, сатурацияны өлшеуден басталады. Одан кейін кіші персоналдың обходы, соңынан — бөлімше меңгерушісі мен хирургтардың обходы. Әр пациенттің жағдайы тыңдалып, емдеуші дәрігер есеп береді.
3. Хирургтар — өз ісінің жанкүйерлері. «Бұлар қашан демалады екен?» деп ойланып қаласың. Жоспарлы отадан бөлек, «Жедел жәрдем» әкелетін шұғыл оталар толассыз. Соның бәріне қарамастан, әрқайсысы палатаға күлімдеп кіреді, жағдайыңды сұрайды. Тіпті ас ішіп отырсаң, дұрыс кеңес беріп кетеді. Хирургтердің барлығына басымды иемін.
4. Медбикелер мен медбраттар — тоқтаусыз қозғалыста. Таңертеңгі процедуралардан түнгі 21:00-ге дейін — системалар, екпелер, жараны таңу. Палаталар арасында жүгіріп жүреді, ешбірінің қабағы түйілмейді.
5. Санитарлар — келешек дәрігерлер.
Медуниверситеттің студенттері. Нәзік, әдепті, үнемі күліп жүретін жастар. Жұмыстары өте ауыр: салмақты пациенттерді көтеріп, судно қойып, тазалайды, сонымен қатар палаталардың тазалығына, қоқыстың уақытылы жиналуына жауапты. Сменаларында әр палатаға кіріп, амандасып, көңіл күй сыйлап жүреді.
6. Аға медбике төсек-орынның үнемі таза болуын қадағалайды. Жара таңатын медбикенің жұмысы — аса мұқияттықты талап етеді.
Екі апта бойы осы бөлімшеде болып, бәрін көзіммен көріп, жүрегіммен сездім.
Бүгін осы жазбам арқылы:
• «№1 Көпбейінді қалалық аурухананың» «Политравма бөлімшесі» ұжымына,
• Бөлімше басшысы Ботаев Руслан Сәғатұлына,
• Емдеуші хирургым Сүлейменов Аян Базарбайұлына,
• Отамда ассистент болған хирург Жанаспаев Тимур Маратұлына,
• Ота медбикесі Қайрулинова Аягөз Малғаздарқызына,
• Анестезиолог Айнабеков Төлеген Құралбекұлына,
• Аты аталмаған барлық хирургтарға, шексіз алғысымды білдіремін.
Сондай-ақ, медбикелер мен медбраттар — Олжас, Сағындық, Нұрдәулет, Салтанат, Ақнұр, Мадина, Нұрзат, Алия, Зоя, Марина және басқа да есімі аталмаған жандарға ерекше алғыс айтамын. Санитарлар — Асылхан, Елнұр, Иманғали, Эльмира, Асия, сестра-хозяйка Бибігүл және басқа да кіші персоналға да алғысым шексіз. Бұл бөлімшедегі әр қызметкер — Президент Қ.Тоқаев айтқан «еңбек адамдары». Олар — адам өмірін аман алып қалу үшін жанын салып жүретін шынайы еңбек майталмандары. Сондай-ақ, тозығы жеткен жиһаздар, дұрыс жүрмейтін коляскалар, жөндеуді қажет ететін палаталар бар екенін ескеріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі назар аударса деген тілегім бар. Барлықтарыңызға тек еңбектеріңіздің зейнетін көруді тілеймін.
«Политравма бөлімшесінің» ардақты, адал қызметкерлеріне мың алғыс!
Емделуші: Мукажанова Рахима Мукажанқызы 22 қараша 2025 жыл
Мадина
ОТЗЫВ
Министерство здравоохранения РК
Департамент здравоохранения г. Астаны
Департамент контроля качества г. Астаны
«Многопрофильная городская больница №1» г. Астаны
Я, Мукажанова Рахима Мукажановна, жительница города Астаны.
30 октября 2025 года, ориентировочно в 13:00 часов, при переходе перекрёстка улиц Иманова – Рахимова на зелёный свет светофора, меня сбил автомобиль.
Бригада «Скорой помощи» приехала буквально через 2–3 минуты. Медики оперативно оказали первую помощь: наложили шины на переломы, обработали и перевязали рану на голове, после чего доставили меня в приёмный покой «Многопрофильной городской больницы №1» Акимата г. Астаны.
Работа приёмного покоя
В приёмном покое травматологи, нейрохирург, медсёстры и санитары незамедлительно приступили к обследованию. Был проведён полный осмотр: измерены давление, температура, сатурация, сделано ЭКГ, взяты анализы. Травматологи наложили гипс на руку и ногу, обработали и зашили рану головы. Далее проведены КТ и рентгенография.
После завершения всех процедур меня госпитализировали в отделение политравмы.
Лечение и операция
Моим лечащим врачом был хирург Сүлейменов Аян Базарбаевич, который подробно объяснил диагноз:
• множественная травма;
• поверхностная травма головы;
• ушиб мягких тканей волосистой части головы;
• ушиб правой теменно-затылочной области;
• закрытый перелом средней трети лучевой кости;
• перелом дистального эпифиза локтевой кости первого предплечья со смещением;
• закрытый перелом наружной лодыжки левой голени без смещения.
Возник вопрос о необходимости операции на руке. Кости были порозными и хрупкими, и хирурги сомневались, выдержат ли пластины и шурупы. Консилиум врачей во главе с заведующим подробно объяснил ситуацию. Я настояла на операции и дала согласие. После обсуждения врачи приняли решение оперировать.
Перед операцией были пройдены все обязательные обследования, в том числе УЗДГ. Анестезиолог провёл беседу. В операционной я увидела, какой большой объём одноразовых материалов, препаратов и оборудования используется для одного пациента. И поняла, какой огромный вклад делает государство, обеспечивая каждому бесплатное лечение.
Условия в отделении политравмы
Отделение политравмы — одно из самых загруженных. Здесь находятся пациенты с тяжёлыми травмами рук, ног, позвоночника, шеи, рёбер. Палаты заполнены, идёт постоянный поток пациентов.
За две недели пребывания я увидела следующее:
1. Весь коллектив отделения — специалисты высочайшего уровня.
Заведующий, хирурги, операционный персонал, медсёстры, медбратья, санитары — все работают с огромной самоотдачей и мужеством.
2. Каждое утро — строгий режим обследований и обходов.
Сначала анализы, измерения, затем обход младшего персонала и врачей. Пациенты могут озвучивать свои просьбы и замечания.
3. Хирурги — люди невероятной стойкости.
Они постоянно между операционным залом и отделением, несут огромную ответственность и при этом всегда заходят в палаты с улыбкой, поддерживают, объясняют, назначают дополнительные препараты.
Операция под руководством Сүлейменова Аяна Базарбаевича прошла успешно и без осложнений.
4. Медсёстры и медбратья — настоящие герои каждодневного труда.
С 8 утра до позднего вечера они ставят системы, делают уколы, перевязки, отвечают на десятки просьб пациентов, ни разу не повышая голоса.
5. Санитары — будущие врачи, сегодняшние помощники.
Молодые, внимательные, трудолюбивые ребята, выполняющие самую тяжёлую физическую работу: помогают вставать, проводят гигиенические процедуры, убирают, поддерживают порядок и настроение в палатах.
6. Старшая медсестра и перевязочные сестры тщательно следят за чистотой, стерильностью и качеством перевязок.
Работа на очень высоком уровне.
Вывод и благодарность
Выражаю безмерную благодарность коллективу отделения политравмы «Многопрофильной городской больницы №1» Акимата г. Астаны, а именно:
• заведующему отделением Ботаеву Руслану Сагатовичу,
• моему лечащему врачу-хирургу Сүлейменову Аяну Базарбаевичу,
• ассистент-хирургу Жанаспаеву Тимуру Маратовичу,
• медсестре операционного зала Кайрулиновой Аягоз Малғаздаровне,
• анестезиологу Айнабекову Толегену Құралбековичу,
• всем хирургам отделения.
Отдельная благодарность медсёстрам и медбратьям:
Олжасу, Сағындықу, Нұрдаулету, Имангали, Салтанат, Ақнұр, Мадине, Нұрзат, Алии, Зое, Марине, а также всем, чьи имена не упомянуты.
И особая благодарность санитарам:
Асылхану, Елнұру, Эльмире, Асие, сестре-хозяйке Бибігүл, и всем остальным сотрудникам.
Все работники отделения — как выразился Президент К.Токаев, — люди труда. Их вклад неоценим. Эти люди не сидят в кабинетах: они ежедневно борются за жизни пациентов, забывая о себе, своей семье и отдыхе. Благодаря их золотым рукам пациенты получают шанс восстановиться и родиться заново.
Пожелание Министерству здравоохранения РК
Прошу обратить внимание на состояние материально-технической базы отделения: старую мебель, нехватку функциональных колясок, необходимость косметического ремонта палат. Это — моё личное видение как пациента.
Мне 70 лет. После травмы я очень боялась, что не смогу восстановиться. Операция была сложной, и я сомневалась, выдержит ли мой организм. Но врачи сделали невозможное. Их доброта, внимание и высочайший профессионализм вернули мне надежду и силу жить дальше.
Спасибо вам за всё: за жизнь, за здоровье, за тепло, за терпение.
Спасибо каждому из вас.
Спасибо за то, что спасаете.
Спасибо за то, что вернули мне возможность жить.
Спасибо за ваше великое сердце, за ваши золотые руки и за бесконечный труд, который невозможно измерить.
Желаю всему коллективу крепкого здоровья, профессиональных успехов, уважения, благодарных пациентов и светлых, радостных дней. Пусть ваши золотые руки продолжают спасать жизни.
Пациент — Мұқажанова Рахима Мұқажанқызы
22 ноября 2025 года
Халида
Хочу выразить огромную благодарность всей больнице.
Операцию мне сделал заведующий отделением Абдуалиев Сагынгали Абдуалиевич — всё прошло профессионально, аккуратно и уверенно, как будто он собирал меня заново из света и точности.
Также хочу отметить хирурга высшей категории Нурбека Тахировича — его участие, контроль и опыт чувствовались в каждом этапе моего восстановления.
Спасибо всем медсёстрам за заботу, внимательность и человеческое тепло — благодаря вам эти дни стали намного легче.
Нариман
Хочу выразить свою благодарность сотрудникам отделение общей хирургии, в частности, заведующему Балжанову Женису Мырзасейтовичу, врачам Колпакчи Татьяне Ильиничне, Карбозову Нурлану Аманжоловичу, а также всему медперсоналу отделения за профессиональный подход к своему делу, за внимательность к пациентам.
Сайлау Лиза
24.11.2025
Отделение гинекологи палата 16.
Садыкова медсестраға рахмет 😘
Ұжымда жұмыс жасап жатқан жұмышыларға рахмет.
Медсестрлардың қарым -қатынас жасауы өте жақсы екен. Жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық тілеймін!
Нургуль
Рахмет за прием в рентгене парень лаборант, 22.11.2025