Құрметті әріптестер! Қадірлі қазақстандықтар!

25 қазан – Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!
Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысы мен мемлекетіміздің егемендігін айшықтайтын ерекше күн. Республика күні – ұлттық бірлік пен елдігіміздің, бейбітшілік пен келісімнің, ең бастысы – ортақ Отанымызға деген сүйіспеншіліктің нышаны.

Осы жарқын мереке қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің “№1 Көпбейінді қалалық аурухана ” ШЖҚ МКК ұжымы баршаңызды шын жүректен құттықтайды!
Біздің ұжым күн сайын ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда. Бұл – нағыз азаматтық парыз бен кәсіби жауапкершіліктің үлгісі.

Бүгінгі жетістіктеріміз – ұжымымыздың бірлігі мен ынтымағының, әр қызметкердің табандылығы мен адал еңбегінің нәтижесі.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елордамыздың денсаулық сақтау жүйесі жаңа биіктерге көтерілуде.

Осы айтулы күні әр шаңырақта береке мен молшылық, елімізде тыныштық пен тұрақтылық орнасын!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!

Мерекелеріңізбен! Республика күні құтты болсын!

Прокрутить вверх