2025 жылғы 07 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК ұжымы аурухананың 100 жылдығы аясында ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Халқым деп соққан жүрек» атты әдеби-рухани іс-шара өткізді.
Іс-шарада Абай шығармаларынан өлеңдер оқылып, қара сөздері мен әндері орындалып, Абай шығармаларымен сабақтастыра отырып, естелік сый-сияпаттартабысталды. Шараның мақсаты – ұлы ақын мұрасын насихаттап, рухани құндылықтарды ұлықтау, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің рухани жаңғыруына үлес қосу болды.
Іс-шара қатысушыларына тағылымды әсер қалдырып, Абай даналығының мәңгілік маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.