Денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізуге дайындау жөніндегі Жоспарды орындау шеңберінде (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.06.2024 жылғы № 390 бұйрығы) 14-18 қазан аралығында Астана қаласының «Көпбейінді қалалық ауруханасы № 1» ШЖҚ МКК базасында тәуелсіз сарапшылар және бейінді мамандар үшін оқыту өткізіледі.
Семинардың мақсаты қатысушыларды пациенттер мен медициналық персоналдың құқықтарын қорғауға бағытталған жауапкершілікті сақтандырудың жаңа жүйесінің негіздеріне оқыту болып табылады. Бұл медициналық көмектің сапасын арттырады және дәрігерлер үшін қауіпті азайтады.
Жаңа заңның мәні пациенттердің зиянды өтеу құқығын қамтамасыз ету, медициналық персоналдың жауапкершілігін арттыру, соның ішінде айыппұлдар мен жаза мерзімдерін азайту, кәсіби қоғамдастық деңгейінде дауларды шешу үшін жағдай жасау болып табылады.